Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екі министрлікке жаңа вице-министр тағайындалды

Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму және индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты. 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ілияс Есетұлы Оспанов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада. 
Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында туған.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қ. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.
Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген. 2012-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.
Ал, Ілияс Оспанов 1986 жылы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон Империялық колледжін (Ұлыбритания) бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2008 жылы "Астана су арнасы" МҚК инженері болып бастады. 2012-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2014-2016 жж. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды. 2016-2017 жж.
Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары. 2017-2018 жж.
"Евразия" корпорациясы" ЖШС холдинг компаниясының даму және инновациялар мәселелері жөніндегі вице-президенті. 2018-2020 жж. – Қазақстан Республикасы және Дүниежүзілік Банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын Басқару тобы директорының орынбасары. 2020 жылғы ақпан айынан 2021 жылғы сәуір айының аралығында - "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ президенті. 2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін "QazInnovations" ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді