Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігінің "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 30 қаңтарда Алматы қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:36-да тағы бір жер сілкінісін тіркеген. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүсікке қарай 112 шақырым жерде Алматы облысының аумағында (Қонаев қаласынан 37,7 шақырым жерде) орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.0. MPV. Магнитудасы 3.9. Эпицентрдің координаттары 44.17° с.е. 77.32° ш.б.
Тереңдігі 10 шақырым. МЅК-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ. Бұдан бөлек Алматы облыстық ТЖД ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар еткенін, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтыланып жатқанын, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар келіп түспегенін мәлім етті.
Осы орайда, Алматы облыстық ТЖД жер сілкінісі кезінде қандай қағидаларды есте сақтау керектігін айтты. ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд); жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышқа тұрыңыз; ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балконнан секірмеңіз; ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыс тұрыңыз; үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін; жеделсатыны пайдаланбаңыз; сіріңке, шам жағуға болмайды; сымдарға қол тигізбеңіз; зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз. Айта кетейік, бұған дейін 27 қаңтар күні таңғы сағат 06:11-де Алматы жер сілкінісі тіркелген еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті