Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде өртенген үйден 3 адамды құтқарып қалды

Өскемен қаласында өрттен бірнеше адамды құтқарып қалған бейбіт күннің батырлары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде адам жанын ажалдан арашалап қалған азаматтар Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен марапатталды. 

30 қарашада түнгі сағат 02.21-де Бажов көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққан. Шатырдың ағаш құрылымдары, жиһаз, тұрмыстық техника мен жеке заттар жанды. Өрт сөндірушілер келгенше сол маңнан бара жатқан куәгер Рустем Сарипов бірден көрші тұратын Николай Саломаевты оятқан. Екеуі терезені сындырып, түтін тұмшалаған үйден 74 жастағы үй иесін тауып, сыртқа алып шықты

Дәл осы түні қала тұрғыны Андрей Ильенков Дальневосточная көшесінде отқа оранған үйден үш адамды құтқарып қалған. Оның біреуі бала еді. Бүгін бейбіт күннің батырларына «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі салтанатты түрде табысталды. 

«Көрсеткен батылдықтарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіреміз! Сын сағатта осындай қадамға әркімнің бара бермесі анық. Жерлестеріміздің арасында осындай ержүрек азаматтардың бары қуантады» - деді құттықтау сөзінде ШҚО ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады