Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бұқтырма су қоймасында 24 адамды құтқарған төрт азамат марапатталды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасында 24 адамды құтқарып қалған төрт азамат марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сын сағатта батыл әрекет еткен Асқар Сайлаубаев, Дәулет Сайлаубеков, Дамир Мұхамадиев пен Сұлтан Тайжанов марапатталды. Оларға Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың Құрмет грамотасы берілді. Оқиға 17 шілдеде сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасының бойындағы «Аюда» демалыс базасынан үш шақырым жерде болған. Жолаушылар тасымалдайтын кеме қатты желдің салдарынан суға бата бастады.

Кеме «Садко» демалыс базасынан «Аюда» базасына қарай жүріп келе жатқан. Сол кезде скутермен келе жатқан 4 жігіт кемені байқап, көмекке ұмтылды. «Ойланатын уақыт болған жоқ. Дереу жетіп, бірнешеуіне жилет бердік. Көптен бөлектеніп қалған 2 адамды қайтадан сол жерге жеткізіп тастадық. Қасымдағы жігіттер суға секіріп, сонда қалды да мен скутермен кеме алып келуге кеттім», - деген еді Асқар Сайлаубаев ҚазАқпарат тілшісімен сөйлескенінде. Бейбіт күннің батырларына марапаттарды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісов табыс етті. «Жағдайды бағалауға уақыт болмаған осындай қиын сәтте сіздер дұрыс әрі жедел әрекет еттіңіздер. Осылайша, батылдық пен батырлықтарыңызды көрсеттіңіздер. Соның арқасында көптеген адам құтқарылды», - деді Е.Нұрпейісов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты