Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып алды

18 желтоқсан күні Алматыда жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер келгенше полиция инспекторы мен жедел жәрдем фельдшері әйелді жанып жатқан үйден құтқарып қалды, деп хабарлайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған kazlenta.kz. 

Төтенше жағдай туралы ақпарат 101-ге 10:24-те келіп түскен. Белгілі болғандай, 120 шаршы метр аумақта жеке тұрғын үйдің шатыры мен төбесі өртенген. "Өрт шыққан орында жүктеменің жоғары болуына байланысты өрттің жақын маңдағы тұрғын үйге таралу қаупі туындады", - делінді төтенше жағдайлар департаментінде. Департамент мәліметінше, қызыл жалын 23 минутта ауыздықталған. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болған адам жоқ.
"Өрт сөндірушілер келгенше, өз өмірін қауіпке тігіп, "Боран-240" полиция патрулінің инспекторы Әшеков Бағдат пен № 10 станцияның фельдшері Руземов Тахир 31 жастағы әйелді жанып жатқан үйден құтқарып алады. Әйел аяғына ота жасалғандықтан, өз күшімен жанып жатқан үйден шыға алмаған", - деп мәлім етті департамент. 
Айта кететіні, әйелді құтқару барысында инспектор Әшеков Бағдат өзі жараланып қалған. Алайда ол дәрігер тексеруінен соң қызметіне қайта оралды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, полицей мен фельдшер департамент басшылығының марапаттауына ұсынылатын болады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді