Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда әскерилердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті

Жаңа жылдық шыршада әскерилердің балалары әр түрлі ойындар - ойнап, билер - билеп және өздерінің дайындап келген тақпақтарын айтты. Шараға жиналған бүлдіршіндердің барлығы бірдей Аяз ата мен Ақшақарды қуана қарсы алып тақпақтар мен әндерін айтып, өз өнерлерін көрсетіп жаңа жылдық шыршаны көңілді өткізді.

Бүлдіршіндердің ерекше өнерлеріне куә болған бөлім командирінің орынбасары подполковник Жәнібек Сарсенов шара барысында сөз алып бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

"Сіздерді, ертегілер әлеміне еліктірер қызыққа толы ең ғажайып мерекелердің бірі 2023 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймы. Сіздердің ата – аналарыңыз үшін жүздеріңізден нұр шашып, бар ықластарыңызбен қуанғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ. Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында өздеріңіздей бүлдіршіндер шырша шамын жағып мерекені көтеріңкі көңіл - күймен қарсы  алуда. Сондықтанда бүгінгі ұйымдастырылып отырған шара естеріңізде қалатын ерекше кеш болады деп сенемін", - деді өз құттықтауында.

Салтанатты шарада балалар  Жаңа жылдың басты сәні жасыл шыршаны айналып шаттық пен қуанышқа бөленіп, мерекелік қойылымдарды тамашалады.Осылайша шараға әртүрлі киім үлгісін киіп келген балалар, көтеріңкі көңіл күймен ертегілер еліне саяхаттады. Шара соңында Аяз ата  мен Ақшақар бүлдіршіндерге сыйлықтарын тарту етті.   

   

Ертуған Әубакир

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мәжіліс сайлауы: партиялар қанша мандат алды?
Қазақстан 2022 жылғы әлемдік саудадағы өзгерістерден ұтты
ҰҚК Қырғызстан полициясымен бірнеше сатылы арнайы операция жүргізді
Қатты ашуланып кеткен шығармын - Бибісара Асаубаева жанжал туралы
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді