Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экология министрлігі Маңғыстаудағы аққулар өліміне қатысты түсініктеме берді

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде өлі аққулардың денесі табылды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме беріп, құстардың суықтан өлуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz
Блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы көлде өлген аққулардың жатқанын хабарлады.
"Бұл жағдайдың ауқымы алаңдатады, құстың жүздеген өлексесі Қаракөл көлінің бүкіл жағалауында шашылып жатыр. Ең қызығы, мен бұл көлде аққулардан басқа құстардың өлексесін таппадым. Олар аққуларға қарағанда әлдеқайда көп. Табиғи сұрыпталу дейін десек, шығын тым көп", - деп жазды автор. 
Экология министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл фактіні тексеруге олардың қызметкерлері, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының өкілдері, экология, ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары келгенін айтты. Маңғыстау облысы, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экологтары құстар өлген жерге барды. Министрліктің мәліметінше, мамандар 10 аққудың өлексесін тапқан.
Олар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енбеген құс түріне жатады. "Алдын ала болжам бойынша, өлген аққулар қыстан аман шығу үшін қажетті майды жинап үлгермеген 1 жылдық құстар. Маңғыстау облысында 1 желтоқсаннан бастап ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендеді. Каспий теңізі мен Қаракөл жағалауы ішінара мұз басып қалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Құстардың өлу себебін анықтау үшін су үлгісі мен аққулардың өлекселері алынды. Мәліметтер бойынша, Қаракөл көлінде 10 мың құсқа дейін қыстайды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді