Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция қураған шөпке от қойды деген күдікпен ер адамды ұстады

Әлеуметтік желіде түн мезгілінде өртеніп жатқан шөптің видеосы тарады. Бұл жолы оқиға Алматы облысында болған. Тәртіп сақшылары күдіктінің тапты, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналы. 

"Видео авторы қасақана өрт қойған адамның түрін түсірген. Өзінің қасында әйелі болғаны себепті күдіктіні ұстай алмаған. Әйелі екеуі жол бойы өрт қойылған жерлерді өшіріп жүр", - деп жазылған видеоға пікірде. Алматы облысы Полиция департаменті бұл оқиғаның 6 қыркүйекте Жамбыл ауданы Еңбекшіарал кентінің маңында болғанын мәлім етті.

"Ағаштарды өртеп жіберген ер адам анықталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты", - делінген ведомство хабарламасында.
 

Полиция департаменті жауап алу кезінде ұсталған адам өз әрекеттерін түсіндіре алмағанын, өйткені өрт қойған кезінде мас күйде болғанын хабарлады. Ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда, Көктөбе маңына өрт қойды деген күдікпен ер адам ұсталған болатын. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты