Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ТЖМ өрт сөндіру кезінде көз жұмған Асқар Забикулин туралы жан тебірентерлік видео жариялады

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанада үш адамның өмірін құтқарып, өзі жансақтау бөлімінде көз жұмған өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы жан тебірентерлік видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Бейнежазбада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің ерлігі туралы баяндалған, сондай-ақ, марқұмның жұмыс барысындағы фотосуреттері көрсетілген. "Ер есімі - ел есінде", - делінген видео сипаттамасында. Желі қолданушылары марқұм туралы жылы пікірлерін жаудырып, отбасына көңіл айтуда.

"Ерлікпен қаза тапқан бауырымыздың арты қайырлы болсын", "Бейбіт заманның батыры. Алдынан жарылқасын", "Біздің батырымыз! Сені ешқашан ұмытпаймыз. Отбасыңа сабыр берсін", - деп жазды қолданушылар. 

Еске сала кетейік, 16 қарашада Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатында орналасқан пәтерден өрт шығып, бірнеше адам ауруханаға түскен болатын. Олардың арасында отқа оранған пәтерден өмірін қатерге тігіп, бес адамды құтқарған өрт сөндірушілер де бар. Кейін өрт сөндірушілердің бірі - Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр екені, екінші науқастың жағдайы орташа дәрежеде екені белгілі болды. 20 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігі дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанын, алайда Асқар Забикулиннің өмірін сақтап қала алмағанын жеткізді. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді