Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жансақтау бөлімінде жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды

Бүгін, 20 қарашада ауруханада жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство атап өткендей, Асқарды аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше тәулік бойы аянбай еңбек еткен. Асқар Астана қаласында болған өртте адамдардың өмірін құтқару кезінде батырлық танытты. Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы Асқар Забикулиннің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде жадымызда мәңгі қалады. Асқар ақжарқын адам, жауапты қызметкер, кәсіби өрт сөндіруші және сауатты маман болды. Әріптестері арасында әділ, өз мамандығын сүйетін қызметкер ретінде құрметке ие", - делінген ведомство хабарламасында. 

ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан- жақты көмек көрсетілетінін мәлім етті. Асқардың артында әйелі мен екі баласы қалды. Еске сала кетейік, Асқар Забикулин 16 қараша күні елорда тұрғын үйлерінің бірінде болған өрттен зардап шеккен. Денесінің 80 пайызын күйік шалған науқас бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Сондай-ақ бұған дейін Асқар Забикулиннің отбасына елордадан үш бөлмелі пәтердің сертификаты берілгені туралы хабарлағанбыз. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты