Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оңал Бекиев Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды

Ішкі істер министрлігі аппаратының басшысы лауазымына полиция генерал-майоры Оңал Бекиев тағайындалды. Сондай-ақ Алматы қалалық полиция департаменті бастығының жаңа орынбасары таныстырылды. Бұл туралы ІІМ-нің ресми Polisia.kz ақпараттық медиапорталы хабарлады, деп жазады kazlenta.kz

Басқарушы құрамға Ішкі істер министрлігі аппаратының жаңа басшысын министр Марат Ахметжанов таныстырған. Көліктегі полиция департаменті ресми сайтының мәліметінше, Оңал Бекиев 1975 жылы 21 қантарда Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.

Әр жылдары Алматы облысының Ішкі істер департаменті, ІІМ Кадр саясаты департаменті, Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Ал 2019 жылдың қазан айында Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған. Сонымен қатар Марат Ахметжанов Алматы қаласы полиция департаменті бастығының жаңадан тағайындалған орынбасары Дәурен Өтебаевты да таныстырды.

Министр бастықтың жаңа орынбасары аумақтық бөлімшенің жұмысын жақсы білетінін, қарапайым тергеушіден аудандық полиция басқармасының басшысына дейінгі барлық сатылардан өткенін атап өткен. Айта кетейік, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Дәурен Өтебаев бұған дейін Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады