Президент Көпен Әмірбектің жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы публицист, белгілі сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында хабарлады. "Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымдарда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетейік, кеше, 9 қарашада 73 жасқа қараған шағында белгілі сатирик Көпен Әмірбек өмірден өтті.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз