Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оңтүстік Корея президенті Сеулдегі қайғылы жағдай үшін халқынан кешірім сұрады

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель кемінде 156 адам қаза болған Сеул орталығындағы оқиға үшін халқынан кешірім сұрап, кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Президенттің премьер-министрмен және министрлермен кездесуінде айтқан сөзін Yonhap агенттігі таратқан. Билік жаппай жиын кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқылаған. "Өзімді балаларынан айырылған ата-аналармен салыстыруға батылым жетпейді, бірақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек президент ретінде қайғырудамын. Қайғыдан қан жұтып отырған марқұмдардың отбасымен және осы қайғыны бөліскен елден кешірім сұраймын", - дейді Юн Сок Ель. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бұл ел президентінің қайғылы оқиға үшін халықтан ресми түрде бірінші рет кешірім сұрауы.

"Бізге осындай қауіп-қатерлерге полицияның дайын болуына және мұндай оқиғалардың алдын алуда түбегейлі өзгерістер қажет. Мен болған оқиғаның шынайы бейнесі толық ашылуына және күмән тудырмас үшін бұл процесс жұртшылық үшін ашық болатынына уәде беремін", - деді Оңтүстік Корея басшысы. 

Сондай-ақ, басылымның жазуынша, Юн Сок Ель қайғылы оқиғаның себептерін тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын жеткізген. Айта кетейік, өткен аптада Сеул аудандарының бірінде коронавирус пандемиясынан кейін алғаш рет ұйымдастырылған Хэллоуин мерекесінде қайғылы жағдай орын алған болатын. Мерекені тойлау кезінде кемінде 156 адам қайтыс болып, ондаған адам зардап шекті. Қайғылы жағдайға байланысты Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді