Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Корея президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады. 

"Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді", – деп жазылған жеделхатта.
 
Еске сала кетейік, Сеулдегі қайғылы жағдай өткен түні қаланың Итэвон ауданында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде болған еді. Жергілікті ақпарат агенттігінің мәліметінше, коронавирус пандемиясынан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отырған Хэллоуин мерекесіне ондаған мың адам келген.

Кенет бір мезетте тар көшедегі адам санының көптігінен, халық кептеліп қалған. Соңғы мәліметтер бойынша қайғылы жағдайдан қаза болғандар саны 153-ке дейін өскен. Олардың арасында Оңтүстік Кореядағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 26 жастағы Ақтөбе қаласының тумасы да бар. Қайғылы оқиғаға байланысты Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді