Ресейдің Ульяновск облысы губернаторының кеңесшісі Светлана Опенщева ваннада жатып, селфиге түскені үшін көптен кешірім сұрады , деп хабарлайды Zakon.kz.
- Құрметті достар. Менің жазбамды оқып, оған қорланып, ренжіген адамдар болса, сол үшін көпшілік алдында кешірім сұраймын. Біреуді ренжіту туралы бұл арада бір грамм ойым болған жоқ, бірақ бұл сурет бір адамдардың ашу-ызасын туғызып, намысына тиіпті, сондықтан ол үшін өкінемін. Бұл суретіммен өзім үшін арзанға түскен Әзірбайжандағы тамаша демалысымды, ол арадан алған жағымды әсеріммен бөліскім келген. Бірақ суретке дұрыс тақырыпты таңдамаппын. Тағы да кешірім өтінемін, - деп жазды ол Facebook-те.
Ulpressa басылымының хабарлауынша, әкімшілік аппараты кеңесінде Ульяновск облысының губернаторы Сергей Морозов ішкі аудит жүргізуді тапсырып, өзінің кеңесшісі, IT дамыту корпорациясының директоры Светлана Опенщеваны қызметінен босатамын деп үстелді тоқпақтаған. Оған шенеуніктің Бакудегі санаторийлердің бірінде нафталан ваннада түскен селфиі себеп болған. Опеншева желіге жүктеген бұл суреті астына: «Шоколад ешқашан көп болмайды» деп қалжыңдап жазған екен.
Ал губернатор болса, өзінің кеңесшінің мұндай әрекетін әдепсіздікке жатқызған.
Бұл жаңалық федералды бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланды. Тіпті, бұл оқиғаға белгілі саясаттанушы Константин Калачев те баға беріп, шендіге араша түскен.
Жалпы, есептей келсе, Опенчева ханым елді шулатқан бұл демалысында санаторийге көп ақша жұмсаған болып шықты.