Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бұрқасын, көктайғақ, жел: қарашада ел аумағында ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК өкілдері қараша айында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды kazlenta.kz

Синоптиктердің болжауынша, қараша айында ел аумағында ауа температурасының ауытқуы, тұман және көктайғақ күтіледі, ал елдің солтүстігінде қар жамылғысының түзілуіне және желдің күшеюіне байланысты бұрқасын болуы мүмкін. Мамандар қарашаның бірінші онкүндігінде әлі де жылы ауа райы сақталатынын болжап отыр. Алайда айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі енеді деп күтілуде.

Синоптиктер сондықтан елдің батыс өңірлерінде ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5-17°С-қа дейін, күндіз +12+22°С-тан -2-10°С-қа дейін біртіндеп төмендейтінін айтады. Ал айдың соңында ауа температураның аздап көтерілуі ықтимал. Метеорологиялық қызмет ұсынған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бірінші онкүндікте ауа температурасының түнде 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+15°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Екінші және үшінші онкүндіктерде ауа температурасы түнде -15-20°С дейін, күндіз -5-12°С дейін төмендейді.

Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бірінші онкүндікте күндіз +12+20 грудасқа дейін жылы болмақ. Кейін ауа температурасы түнде -10-17, күндіз -1-8 градусқа дейін біртіндеп төмендейтін болады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты