Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тамызда елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Мамандардың айтуынша, тамыз айы солтүстікте салыстырмалы түрде салқын ауа райымен, Қазақстанның қалған бөлігінде тұрақсыз ауа райымен басталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады: елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Сонымен қатар солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Айдың басында елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы солтүстіктен келетін суық антициклонның әсерімен байланысты болады.

Алайда бірінші онкүндіктің соңында суық антициклонның елден тыс жерлерге, солтүстік өңірлерге ығысуымен және оңтүстік циклонның шығуына орай жылы ауа массалары пайда болады, бұл температураның көтерілуіне әсер етеді.Осылайша, ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде. Түнде ауа температурасы +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін көтеріледі. Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары келеді, бұл ауа райының тұрақсыз болуына әкеледі. Дегенмен суық ұзаққа созылмайды.

Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С-ты құрайды, бірақ жекелеген күндері жылудың төмендеуі болжануда.Жаздың соңғы айында Арктикалық теңіздер аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде температуралық фон айтарлықтай төмендейді. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, жекелеген аудандарда аяз болуы мүмкін, күндіз +15 +20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді