Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақ кәсіпкерлері қандай қылмыстарды жиі жасайды

Биыл қаңтар–қыркүйек айларында 596 жеке кәсіпкер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,7% аз. Құқық бұзушы кәсіпкерлердің көбі Алматы және Қостанай облыстарында болды — әр облыста 55 адам, былтырғымен салыстырғанда тиісінше 3,5% азайған және 19,6% көбейген. Одан кейінгі орында Жамбыл облысы (50 адам, 3,1 есе көбейген) мен елорда (46 адам, 17,9% азайған), деп жазады finprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Секторда құқық бұзушылардың ең аз саны Маңғыстау және Қызылорда облыстарында — әрқайсысы 12 адамнан тіркелді.


Көбіне ҚР кәсіпкерлері меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады: бұл бойынша 194 адам ұсталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 21,1% аз. Мұнда ең көп тарағаны алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жымқыру және ұрлық.


Одан кейін сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар тұр: мұндай қылмыстар бойынша 99 адам ұсталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 65% көп. Мұнда құқық бұзушылардың басым бөлігі пара алу (54 адам) немесе пара беру (40 адам).


Ең көп тараған қылмыстық тағы бір түрі экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар: 98 құқық бұзушы, былтырғыдан 27,4% аз. Мұнда көбіне жалған шот-фактуралар, сондай-ақ салық төлеуден жалтару немесе қаржылық пирамида құру.


Құқық қорғаушылар кәсіпкерлерге жазаны жеңілдетуді, яғни қылмыстық жазаны айыппұлмен ауыстыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Хабар24. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жазалардың 97%-ы қылмыстық баптар бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты. Оның орнына Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов бизнесмендерге өздері таппақ болған табыстарынан 2-3 есе артық төлем жасауды ұсынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді