Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да кісі өліміне қатысты іс бойынша учаскелік полиция қызметкері күдіктелуде

Солтүстік Қазақстан облысында Бауманская стансасы маңында 49 жастағы әйелді өлтірді деген күдікке ілінген зейнеткер мен полицейге қатысты тергеу амалдары жүргізілді, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға шілде айында болған. 49 жастағы Алтынай Мұздақбаева жидек теріп жүрген жерінде аңшы мылтығынен оқ тиген. Жергілікті фельдшер мен жедел жәрдем дәрігерлері оқ жарақатын алған әйелді аман алып қалмақ болғанымен, ол аудандық ауруханаға бара жатқанда көп қан жоғалтып, көз жұмды. Сол күні полицейлер зейнеткер Сергей Лосеняны ұстады. Ол кісі өлтіргенін мойындап, кінәні мойнына алды. Бірақ Бауманская стансасының тұрғындары бұл аңшылықта зейнеткер жалғыз емес, жергілікті учаскелік полиция қызметкерімен бірге болғанын алға тартады. Прокуратура абайсызда өлімге әкеп соқтырғаны үшін зейнеткерді төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр. Одан бөлек оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін жаза бар. Құқық қорғау органының қызметкері де тергелуде, полицейді қамауға алу мерзімі ұзартылды.

"Тергеу Лосеняның 104-бап "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бойынша кінәлі екенін, сондай-ақ учаскелік полиция қызметкерінің 370-бап "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік" бойынша кінәсін анықтады. Ол Қылмыстық процестік кодекстің 128 бабы бойынша қамауға алынған. Ол санкция 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады", - деді аудан прокуратурасы.
 
Телеарна мәліметінше, іс бойынша әлі де көптеген сұрақ жауапсыз қалуда. Полицейдің күдіктімен бірге аң аулап жүргені немесе оқиғадан кейін Лосеняның шақыртуымен келгені белгісіз. Сондай-ақ тәртіп сақшысының неліктен жедел жәрдем шақырмағаны анықталмаған. Сотқа дейінгі тергеу қараша айының басында аяқталады деп жоспарланған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті