Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сәтпаев тұрғыны 28 жастағы жігітті өлтіргені үшін 10 жылға сотталды

Сәтбаев қалалық сотында 28 жастағы жігіттің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz 

«Сотталушы ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру« бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, осы мерзімге ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін бұрын өтелмеген мерзім қосылды. Сотталушыға қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп судья Дәурен Ибраев үкім шығарды.  

Сотталушы өз кінәсін мойындап, қайтыс болған жігіттің туыстарынан кешірім сұрады. Бірақ, марқұм Дәулет Алтынбековтің туыстары сот үкімімен келіспеді. Олар сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша соттау керек деп есептейді. Марқұмның әпкесі Нышанқұл Топшақ сотталушының бұған дейін де жазаға тартылғанын, бірақ жазасын соңына дейін өтемей қайта қылмыс жасағанын алға тартады. Інісінің жамбас артериясынан жарақаттанып, қансырап қайтыс болғанын айтады.  

Сонымен қатар, судья Сәтбаев қаласының прокуратурасына сотқа дейінгі тергеу сатысында қарама-қайшы айғақтар бергені үшін куәгерлердің бірін жауапқа тарту туралы жеке қаулы шығарды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Сәтбаев қаласындағы дәмханалардың бірінде 28 жастағы Дәулет Алтынбеков қайтыс болды. Жанжал кезінде танысы оны пышақпен жарақаттаған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады