Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Футболдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары кездеседі

Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды.

Матч 2022 жылдың 16 қарашасы күні Ташкент қаласындағы "Пахтакор" стадионында өтеді.

"Өзбекстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіне дайындық үшін жақсы қарсылас деп санаймын. Жаттықтырушылар штабы үшін көп мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Өзбекстанда сапалы футболшылар көп. Сол себепті осы ойында Еуропа чемпионатының алдағы іріктеу кезеңінде үміт артатын футболшыларды бір тексеріп аламын деп ойлаймын. Өте қызықты ойын болады деп үміттенемін", – деп пікір қалдырды Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.
 
Бұған дейін екі елдің құрамалары алты рет кездесіп, Өзбекстан екі рет, Қазақстан бір рет жеңіске жеткен болатын. Үш ойын тең аяқталды. Айта кетелік, Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары соңғы рет 2007 жылы Алматының Орталық стадионында кездесіп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді. ФИФА рейтингінде Өзбекстан құрамасы 77-орында тұр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды