Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бас бапкер ұлттық құрамаға шақырту алған спортшылар тізімін жариялады

Футболдан Қазақстан құрамасы қазан айында екі ойын өткізеді. Осыған орай бас бапкер Талғат Байсуфинов қазан айында өтетін ойындарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»).

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый (екеуі де - «Тобыл»), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де - «Ақтөбе»), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де - «Қайрат»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»). 

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан), Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (екеуі де - «Тобыл»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»). 

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Артур Шушеначев («Қайрат»). 

Қосалқы тізім: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Бағдат Қайыров («Тобыл»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Нұрлан Дайыров («Қызыл-Жар»), Дмитрий Шомко («Ақтөбе»), Михаил Габышев («Шахтер»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Айдос Тәттібаев («Шахтер»), Роман Мұртазаев («Балтика», Ресей), Абат Айымбетов («Астана»).

Футболшылар 4 қазан күні елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері қазан айында екі ойын өткізеді. 9 қазанда Босния және Герцеговинамен, 12 қазан күні Финляндиямен күш сынасады. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді