Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстанның қарсыластары анықталды

Германияның Майндағы Франкфурт қаласында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды.

Қазақстан құрамасы Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино құрамаларымен бірге "H" тобына түсті. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі 2023 жылдың наурыз айында басталады. Ойын кестесі кейінірек жарияланады. Осыған орай, Қазақстан командасының бас бапкері Магомед Адиев пікір білдірді. Бапкердің айтуынша, біздің құрама қиын топқа түскен.

"Қарсыластарды қиын деп айтуға болады. Бүгінгі таңда оңай қарсыластар жоқ. Өте мықты топтқа түстік деп ойлаймын. Нақты көшбасшы жоқ. Дегенмен Дания құрамасы даму жолына шықты. Олардың жас ойыншыларының деңгейі өте жоғары. Дат футболшылары топтың фавориті болады деп санаймын. Қарсыластар туралы мәліметтерді біртіндеп жинай бастаймыз. Бізді қиын қарсыластармен қызықты ойындар күтіп тұр. Бәсекеге төтеп беруге тырысамыз. Шыны керек, мұндай қарсыластарды күткен жоқпын. Біздің топқа грандтардың бірі түседі деп ойладым. Мықты қарсыластардан құралған тең топ шықты", - деді Адиев. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді