Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы ұзын-сонар кезек азайды

"Мой город" порталының тілшілері 2 қазан күні бұған дейін бірнеше шақырымға созылған кезек байқалған Қазақстан-Ресей шекарасында болды. Журналистер жағдайдың тұрақталғанын хабарлады, деп жазады kazlenta.kz 

Басылым тілшілері "Сырым" (Ресей Федерациясынан "Маштаково") шекаралық өткізу пунктіне барған. Бірнеше күн бұрын мұнда бірнеше шақырымға созылған ұзын-сонар кезек пайда болып, "бизнес" өркендеген болатын. Яғни Ресей жағынан азық-түлік пен бензин шекарадан өткісі келетіндерге үш есе қымбатқа сатылған. 2 қазанда шекарадағы жағдай мүлде өзгерген. Жеті шақырымға созылған жүк көліктерінің кептелесі екі шақырымға дейін қысқарған. Жеңіл көліктер де біршама азайған.

Шекара бекетінде такси жүргізушілерінің саны да азайған. Басылымның жазуынша, бір-екі адам ғана өз қызметтерін ұсынып жүр, дегенмен нақты бағасын айтпай, "келісуге болатынын" айтады. Алғашқы күні яғни Ресей азаматтары келе бастағанда адамның көптігінен таксистер жолаушыларды шекара бекетінен Оралға дейін екі мың рубльге (16 мың теңгеден асады) алып кетіп отырса, қазір баға екі есеге арзандаған. Журналистер БҚО-ға 29 қыркүйекте келген, бірақ досымен кездесу үшін шекараға келген Ресей азаматын әңгімеге тартқан. "28 қыркүйек күні көптеген адам әскерге шақыру қағазын алды. Сондықтан олар енді ешқайда шыға алмайды.

Ал мобилизацияға ілікпегендер шекарадан кедергісіз өтуде", – дейді ер адам. Басылымның хабарлауынша, Ресей тарапынан транзиттік жүк көліктері мен Өзбекстанның отызға жуық азаматының кезегі ғана байқалады. Қазақстан тарапынан жеңіл автомобильдерден кезек жоқ. Еске салайық, Қазақстан-Ресей шекарасындағы ұзын-сонар кезек Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін пайда болды. Қазақстанға кіргісі келген ресейліктер шекарада 4-5 тәулік кезекте тұруға мәжбүр болды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді