Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бағдат Мусин Қарағандыдағы ХҚКО-ға ескертусіз барды

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Қарағандыдағы мамандандырылған ХҚКО-ға ескертусіз барып, ұзын-сонар кезектің куәсі болған. Бұл туралы ведомство басшысы Instagram парақшасында жазды.

Министр Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге Қарағандыдағы жаңартылған  цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барғанын мәлім етті.

"Мұнда заманауи smart-тәсіл қолданылған, яғни қызмет көрсету процестері кезінде азаматтардың ыңғайлылығы үшін мұнда барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді. Жаңартылған кеңсенің ішінде әлеуметтік қызметтер мен экспресс қызметтер алу бұрыштары, жайлылық аймағы, құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар. Фронт-офис ең қысқа мерзімде сапалы мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті жабдықтармен және цифрлық жүйелермен жабдықталған", - деп атап өткен министр жаңартылған цифрлық кеңсе туралы.

Кеңсеге күніне 600-ге жуық адам келеді деп жоспарлануда. Мусин елордадан өзінің келетінін біліп дайындап қойған жаңартылған халыққа қызмет көрсету орталығын аралағаннан кейін, әдеттегідей, ешкімге ескертусіз Мұқанов көшесінде орналасқан Қарағандының ескі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына кіріп шыққан. "Мұнда барған кезімде мен практикалық емтихан тапсыруды күтіп отырған адамдардың ұзын-сонар кезегіне куәсі болдым. Электрондық кезек жүйесі жұмыс істемейді, күтушілер үшін ешқандай жағдай қарастырылмаған, әрине осындай жағдайлар адамдардың шағым білдіруіне әкелетіні жасырын емес", - дейді министр.

Мусинге мәселені сол жерде шешуге тура келген. "Біріншіден, жедел түрде электрондық кезекті енгізу, екіншіден, адамдар күні бойы күтіп тұрмауы үшін, бірақ алдын ала жазылып, белгіленген сағатта келуі үшін онлайн-жазылуды ұйымдастыру туралы тапсырма бердім. Жалпы, мамандандырылған ХҚКО-лардағы ұзын-сонар кезек мәселесін басты назарға алдық, мұндағы автодромдардың енді сенбі күндері де жұмыс істеуі мәселесін қарастырамыз", - деді ведомство басшысы. Мусин өзінің осындай орталықтарға жоспарламай баруды бұрыннан іске асырып келе жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, бұл нақты проблемаларды көруге және нәтижесінде цифрландыру процестерін жетілдіру бойынша тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты