Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Желіде елордада ХҚКО алдындағы ұзын-сонар кезектің видеосы тарады

Әлеуметтік желі қолданушысы Астанадағы ХҚКО алдындағы ұзын-сонар кезекті видеоға түсіріп алған. Адамдар кезегі ондаған метрге созылған. "Азаматтарға арналған үкімет" Халыққа қызмет көрсету орталықтарының штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Оқиға орнында түсірілген бейнежазбаны TikTok желісінде bagdauletpatyk парақшасы жариялады. Бейнежазба авторының сөзінше, видео Сауран көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығының жанында түсірілген, айтуынша, бұл филиалға шетелдіктер жіберіледі. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нариман Дүйекеев бүгінде Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын, кезек жоқ екенін атап өткен.

Сондай-ақ, оның айтуынша, шетелдіктерді қабылдайтын күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталығының сегізінде елге шетелдіктердің ағылуына байланысты кезек бар. Еске сала кетейік, Қазақстанның бірнеше өңірінде шетелдіктердің көптеп келуіне байланысты жеке күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылған болатын. Олар Астана, Алматы, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Ақтөбе облыстарында пайда болды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады