Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: 21 қыркүйектен бері Қазақстанға 98 мыңға жуық Ресей азаматы келді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрі Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында қалыптасып жатқан жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Марат Ахметжанов Қазақстан тарапы шекарадан өткізу ережесін өзгертпейтінін атап өтті. "Бүгінгі күні заңды түрде бекітілген және шарттық қатынастар бар, сондықтан, менің ақпаратым бойынша, ережелерде ешқандай өзгертулер қарастырылмаған", - деді ол. Жалпы, министр атап өткендей, биыл жыл басынан бері Қазақстанға 1,7 миллион ресейлік келген, бұл өткен жылдармен салыстырғанда бірнеше есе аз. Мәселен, 2018 және 2019 жылдары елімізге 3 миллионға жуық Ресей азаматы келген.

"Өз азаматтарымыз да шетелге кетіп жатыр. Күн сайын 40 мың Қазақстан азаматы шекара асуда. Керісінше нәтижені қарау керек, бұл өзгерістің барлығы біздің азаматтардың құқықтарын бұзуға әкеп соғады. Сондықтан бізде барлығы бақылауда. Көші-қон заңнамасы жұмыс істеп тұр, сондықтан ешқандай аномальды заң бұзушылықтарды көріп отырған жоқпыз, - деді министр. 

Соған қарамастан, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 21 қыркүйектен бүгінге дейін Қазақстанға 98 мыңға жуық ресейлік келген. Осы кезеңде елден 64 234 Ресей азаматы кеткен. 8 мыңнан астам резидент емес адам ЖСН алған. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 93 мың ресейлік ЖСН алса, 4271 адам тұруға рұқсат алды, оның 116-сы этникалық қазақтар. Азаматтық алуға 441 адам өтініш білдірсе, оның 117-сі Ресейден келген этникалық қазақтар.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация туралы хабарлаған болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желіде Қазақстан-Ресей шекарасында көліктердің ұзын-сонар кезегі түсірілген бейнежазбалар пайда болды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді