Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодардағы ЖЭО-да апат орын алғаны туралы желідегі ақпарат расталмады

Павлодарлық тұрғындар арасында мессенджерлер арқылы ЖЭО-да апат орын алғаны туралы ақпарат таралуда. Қалалық әкімдік бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. ЖЭО-да ешқандай апат орын алмаған, деп хабарлайды Павлодар әкімдігі ресми Instagram парақшасында. 

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеуде. 26 қыркүйектен бастап қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріле бастаған.

"Бүгінгі таңда 1265 тұрғын үйдің 650-і жылуға қосылды, кеше жылу берілген үйлердің саны 278 болған, яғни, жылу беріліп жатқан тұрғын үйлердің саны күн сайын артып келеді. Қазір қаладағы барлық жылу желілері белсенді толтырылуда. 6 қазанға дейін қаланың барлық жылу желілерін толтыруды аяқтау жоспарлануда, бұл бірнеше ондаған мың текше метр су. Осыған байланысты кейбір үйлерде суды жылыту параметрлері төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындардан жалған ақпарат көздеріне сенбеуді және жалған ақпарат таратпауды сұрайды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді