Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-сі, Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің №2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында дәріс ұйымдастырды. Аталған іс-шараға 80-ге жуық адам қатысты. Іс-шараға психикалық деңсаулық сақтау орталығының психолог-суицидологы Оксана Калашникова, ДПЗО-ның инспекторы Бексұлтан Бекмолдаев, Һибатулла Тарази мешітінің өкілі Нұрсұлтан Зұлпықаров баяндама жасады.
Алғашқы сөзде Н.Зұлпықаров діннің қоғамымыздағы рөлі туралы және дінде зорлық жоқ екендігін түсіндірді.

- «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет ретінде бекіте отырып, өзінің Конституциясы мен ағымдағы заңнамасында діни бірлестіктер мен мемлекеттің қарым-қатынасы қалыптасатын негізгі қағидаттарды бекітті: діни бірлестіктерді мемлекеттен бөлу, тәрбие мен білім берудің мемлекеттік жүйесін діни бірлестіктерден бөлу қағидаты, заңдылық қағидаты», - деді Б. Бекмолдаев.
