ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ мемлекеттік тапсырманы орындау аясында 2022 жылғы 25-31 шілдесі аралығында Жамбыл облысында өңірдің дін саласындағы мәселелерін зерделеу және жергілікті жауапты құрылымдарға діни ахуалды талдау жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетілуде.
Ағымдағы жылдың 27 шілде күні діни ахуалды талдау және мониторинг департамент директоры, социология ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы мен діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің бас сарапшысы Кенжеев Асқар Абдуллаұлы Жамбыл облысы дін істері басқармасы мен «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен облысымыздағы діни ахуал жөнінде сұхбат өткізді. Дін саласындағы жұмысындағы өзекті мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар талқыланып, өзекті тақырыптар аясында өз тараптарынан ұсыныстарын берді.
Сонымен қатар, Тараз қаласындағы «Шерхантану» орталығында сарапшылық фокус-топ жиналысына «ДПЗО» КММ басшының орынбасары, облыс әкімдігінің білім басқармасының бас маманы, облыстық «NEET жастар және жас отбасылармен жұмыс» бөлімінің басшысы, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының белсенд мүшелері, дінтанушы-ғалымдар, «Зайырлылық және дінтану пәні» мұғалімдер, имамдар және т.б. қатысты. Аумағымыздағы діни ахуал-өзгеру динамикасы мен бағыты, қоғамға әсерінің сипаты мен дәрежесімен сипатталатын жағдай. Жиналыста бірнеше сұрақтар талқыланды: жергілікті діни жағдайын бағалау, проблемалық жағдайды қалыптастыратын факторларды анықтау, діни ахуалдың динамикасын талдау, тенденцияларды анықтау және дамуын болжау.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі әлемдегі діннің рөлінің артуына және көптеген діни бірлестіктердің Қазақстан Республикасындағы Ұлттық қауіпсіздік пен діни жағдайға ықпалына байланысты. Қазіргі Қазақстанның діни келбеті оны мекендеген халықтардың тарихымен тығыз байланысты. Қазақстан халықтарының әрқайсысының тарихын зерделеу діннің гуманистік сипаты туралы ғана емес, біздің қазіргі күнімізді алдын ала анықтап, болашақтың проблемаларына жаңаша қарауға мүмкіндік беретін жоғары рухани құндылық туралы айтуға мүмкіндік берді.
Алдағы уақытта, бұл жұмыстар еліміздің қоғамдық тұрақтылығы мен келісімін қамтамасыз ету бағытында Жамбыл облысындағы Талас, Байзақ, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарында өз жалғасын табады.