Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасы АҚШ-тан ұтылып қалды

Теннистен Шотландияның Глазго қаласында өтіп жатқан Дэвис Кубогының топтық кезеңіндегі екінші ойында да Қазақстанның ерлер құрамасы жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Екінші матчта Қазақстан АҚШ құрамасымен кездесті. Михаил Кукушкин алғашқы кездесуде Томми Полдан 1:6, 4:6 есебімен ұтылды. Еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликте есе қайтаратын мүмкіндік болғанымен, үш сетке созылған текетіресте Тэйлор Фрицтің бағы жанды. Есеп: 6:7 (6:8), 6:1, 3:6. Шешуші кездесу жұптық сайыста өтті.

Бұл сында отандастарымыздың жолы болып, Александр Недовесов пен Александр Бублик 6:2, 7:6 (8:6) есебімен Раджив Рама/Джек Сок жұбынан айласын асырды. Осылайша Қазақстан құрамасы D тобында екінші рет жеңіліске ұшырады. Бұған дейін отандастарымыз Нидерланды құрамасына есе жіберген еді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы шешуші кездесуін 18 қыркүйекте Ұлыбританияға қарсы өткізеді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді