Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемнің 113-ракеткасынан ұтылып қалды

Теннистен АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда-ақ ұтылып қалды. Бұл туралы турнирдің ресми сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды. 

WTA рейтингінде 25-орында тұрған Рыбакина әлемнің 113-ракеткасы, франциялық Клара Бюрельден ұтылып қалды. Кездесу екі партияға созылып, отандасымыз 4:6, 4:6 есебімен қарсыласына жол берген. Матч жалпы есебі 1 сағат 31 минутқа созылды. Еске сала кетейік, Елена Рыбакина жақында "Үлкен Дулыға" санатына енетін төрт турнирдің бірі - "Уимблдон" бәсекесінде жеңіске жеткен болатын. Ал US Open турнирінде ол алғаш рет бірінші айналымда ұтылып отыр. 

Бұған дейін ол кем дегенде бір кезеңде жеңіске жетіп жүрген. Былтырғы US Open турнирінде Рыбакина үшінші айналымға дейін жеткен болатын. Жекелей сында Қазақстан командасы сапынан Александр Бублик пен Юлия Путинцева екінші кезеңге жолдама алды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді