Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиадада үздік үштікке енді

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік Олимпиаданың 9-ыншы кезеңінде Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Жеңіске Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең есеппен аяқтады. Құрамамыз еншісінде – 7 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс. Осы матчқа дейін әйелдер командалары арасында Қазақстан турнир кестесінде 6-орында болған еді. Енді бірден 3-орынға көтерілді. Келесі ойын Үндістан құрамасымен өтеді.    Ал Қазақстан ерлер құрамасы бүгін Сербиядан 1:3 есебімен жеңілді.

 Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев ойынды тең есеппен аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов қарсыластарына есе жіберді.  Ерлер құрамасы турнирде осымен үшінші рет жеңіліп отыр. Бүгінгі матч алдында қазақстандық команда 12-орында болды. Қазір 25-орынға сырғыды. Келесі ойын Хорватиямен болады.  Еске салайық, кеше еліміздің әйелдер құрамасы Словакиядан 3,5:0,5 есебімен басым түскен еді. Ал ерлер командасы Әзербайжанға 1,5:2,5 есебімен жол беріп қойды. 28 шілдеде Үндістанның Ченнай қаласында басталған ш ахматшылардың 44-ші Олимпиадасы 10 тамызда аяқталады. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады