Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметке сәйкес, 15 қыркүйекте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 150 адам тіркелді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Telegram парақшасында.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 29, Алматы қаласында - 16, Шымкент қаласында – 0, Ақмола облысында – 24, Ақтөбе облысында – 6, Алматы облысында - 0, Жетісу облысында - 1, Атырау облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Абай облысында - 1, Жамбыл облысында - 0, Батыс Қазақстан облысында - 14, Қарағанды облысында - 17, Ұлытау облысында - 4, Қостанай облысында - 16, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 3, Павлодар облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 6, Түркістан облысында - 1 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелген. Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 392 259-ға жетіп отыр.
Сонымен қатар өткен тәулікте 394 адам коронавирус инфекциясынан жазылды. РЕКЛАМА Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірі "жасыл" аймақта тұр.
16-09-2022, 09:07
Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз