Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметке сәйкес, 5 қыркүйекте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 154 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram парақшасында.
Оның ішінде аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 46, Алматы қаласында - 13, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 15, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында - 5, Жетісу облысында - 0, Атырау облысында - 10, Шығыс Қазақстан облысында - 4, Абай облысында - 1, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 9, Қарағанды облысында - 25, Ұлытау облысында - 0, Қостанай облысында - 10, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 5, Павлодар облысында - 4, Түркістан облысында - 0, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелген. Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 390 263-ке жетіп отыр. Сонымен қатар өткен тәулікте 311 адам коронавирустан жазылып шыққан. Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірі "жасыл" аймақта тұр.
6-09-2022, 09:25
Өткен тәулікте елімізде қанша адамнан коронавирус анықталды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз