Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметке сәйкес, 8 қыркүйекте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 253 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram парақшасында.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 51, Алматы қаласында - 25, Шымкент қаласында – 0, Ақмола облысында – 36, Ақтөбе облысында – 2, Алматы облысында - 3, Жетісу облысында - 2, Атырау облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысында - 8, Абай облысында - 5, Жамбыл облысында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 18, Қарағанды облысында - 28, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 25, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 8, Павлодар облысында - 10, Солтүстік Қазақстан облысында - 14, Түркістан облысында - 4 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелген.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 391 161-ге жетіп отыр. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірі "жасыл" аймақта тұр.
9-09-2022, 09:00
Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз