Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметке сәйкес, 13 қыркүйекте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 197 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram парақшасында.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 35, Алматы қаласында - 17, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 21, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында - 1, Жетісу облысында - 1, Атырау облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Абай облысында - 4, Жамбыл облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 17, Қарағанды облысында - 41, Ұлытау облысында - 2, Қостанай облысында - 17, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 8, Солтүстік Қазақстан облысында - 13, Түркістан облысында - 1 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелген. Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 391 932-ге жетіп отыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірі "жасыл" аймақта тұр.
14-09-2022, 10:24
Елімізде өткен тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз