Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметке сәйкес, 6 қыркүйекте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 324 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram парақшасында.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 62, Алматы қаласында - 29, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 27, Ақтөбе облысында – 11, Алматы облысында - 0, Жетісу облысында - 3, Атырау облысында - 8, Шығыс Қазақстан облысында - 12, Абай облысында - 9, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 20, Қарағанды облысында - 40, Ұлытау облысында - 5, Қостанай облысында - 39, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 11, Павлодар облысында - 12, Солтүстік Қазақстан облысында - 26, Түркістан облысында - 3 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелген. Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 390 587-ге жетіп отыр. Сонымен қатар өткен тәулікте 756 адам коронавирустан жазылып шыққан.
7-09-2022, 09:13
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы өсті
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз