Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 18 тамызда елімізде коронавирус жұқтырған тағы 951 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram парақшасында.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 163, Алматы қаласында - 80, Шымкент қаласында – 9, Ақмола облысында – 79, Ақтөбе облысында – 23, Алматы облысында - 18, Жетісу облысында - 22, Атырау облысында - 37, Шығыс Қазақстан облысында - 18, Абай облысында - 11, Жамбыл облысында - 16, Батыс Қазақстан облысында - 93, Қарағанды облысында - 118, Ұлытау облысында - 19, Қостанай облысында - 79, Қызылорда облысында - 22, Маңғыстау облысында -31, Павлодар облысында - 62, Солтүстік Қазақстан облысында - 44, Түркістан облысында - 7.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 381 911-ге жетіп отыр.
19-08-2022, 09:26
Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз