Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында тілсіз жау әлі толығымен ауыздықталмады

Шығыс Қазақстан облысында далалық жер мен орман өрті көбейді. Қазір өрт сөндірушілер төрт ауданда отпен арпалысуда. Алдын ала дерек бойынша, жалынның жалпы аумағы 1100 гектарды құрайды. Ал Глубокое ауданында түнгі сағат 01:00 шамасында тұтанған тілсіз жау елді мекенге жақындаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Бүгін "Каменный карьер" ауылы от құшағында тұр. Қатты соққан жел әсерінен жалын ырық бермеуде. Елдімекенге бар-жоғы 50 метр ғана қалған.

"Мұнда құрғақ шөп пен бұта өртенуде. Сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінен, орманшылардан, жергілікті атқарушы органдардан және полицияның жеке құрамының 19 техника мен 118 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, ауылды өрттен сақтап қалу үшін, Ұлттық Ұланның 401 сарбазы мен 41 техникасы көмекке келді. Өртті дереу сөндіруге жел кедергі келтіруде. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетті", - делінген Шығыс Қазақстан төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.


Мамандар өңірде өрт қаупі сақталып отырғанын жеткізді. Сондықтан жұрттан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты