Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысындағы өрт қалай сөндіріліп жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысындағы өрт туралы соңғы ақпаратпен бөлісті. Оқиға орнына тікұшақтар, ұшақ және 2 мыңнан астам адам жұмыс істеуде, деп жазады ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz

4 қыркүйек сағат 21:00-дегі жағдай бойынша, Әулиекөл ауданындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асқан. Озерное, Аманқарағай, Калинино және Лесное ауылдарынан барлығы 1840-тан астам адамның эвакуацияланғаны белгілі болды. Эвакуациялық пункттерде 66 адам қалған. Ал қалғандары туыстарынының үйіне орналастырылды. Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қатысты сұрақтар үшін жедел желіні қосқанын хабарлады.

Оған ақпараттық сипаттағы 30-дан астам қоңырау келіп түскен. Сонымен қатар оқиға орнында психологтар жұмыс істеуде. Олар Әулиекөл ауданының эвакопунктерінде жергілікті тұрғындарға, соның ішінде балаларға шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр. "Сағат 20:00-де 4 учаскеде – Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумағында жалпы ұзындығы 5 шақырым өртті cөндірілді", - деп толықтырды ведомство.

Өртті сөндіруге 300-ден астам техника, оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің 4 тікұшағы, "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің Ан-2 ұшағы, Қорғаныс Министрлігінің 2 тікұшағы, 5 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Сонымен қатар, оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің 1526 қызметкері, Ішкі істер министрлігінің 700-ден астам қызметкері, Қорғаныс министрлігінің жеке құрамының 169 қызметкері, орман күзеті қызметінің 137 қызметкері, "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің 17 қызметкері, сондай-ақ ҚТЖ-ның жергілікті атқарушы органдарының мамандары жұмыс істеп жатыр. Еске сала кетейік, кеше кешкісін Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді