Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да таудағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян орман шаруашылығында өрт шықты. Жалын шөп мен бұталарды шарпыған. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады kazlenta.kz

Оқиға Быков орман шаруашылығының аумағында болған. Өртті сөндіруге орманшылар, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндірушілері және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған. Таулы аймақ болғандықтан өртті сөндіру қиынға соғатыны айтылуда. Өрт аумағы 167 гектарды құрайды. "Аймақты толық тексеру үшін "Қазавиаорманқорғаудың" Ан-2 ұшағы пайдаланылды. 

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады ведомстводан. Төтенше жағдай орнында Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы кәсіпорны, жергілікті атқарушы органдар мен "Қазавиаорманқорғаудың" 340-тан астам адамы мен 25 техникасы тартылған. 

Сонымен қатар, өртті сөндіруге тікұшақ та жұмылдырылған. Ол жалпы көлемі 9 тоннаны құрайтын суды пайдаланып үлгерген.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды