Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Хабар 24 арнасында өткен брифингте Қостанай облысындағы жағдайға тоқталып, журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысындағы өртті Ішкі істер министрлігі тексеріп жатқанын жеткізді. Министрдің сөзінше, өрттің ықтимал себептері бойынша тергеу жүргізілуде. "Біріншіден, адам факторын жоққа шығаруға болмайды, өйткені өрт алдындағы күндері найзағай түсу сияқты табиғи құбылыстар байқалған жоқ. Сондықтан әртүрлі нұсқалар қарастырылатын болады", - деді Юрий Ильин. Журналистер министрге өрттің қасақана қойылуы мүмкіндігі туралы сауал тастады.
"Түрлі нұсқалар қарастырылуда. Жоғарыда айтқанымдай, қазіргі уақытта біз найзағай разрядынан болатын табиғи өрт нұсқасын қарастырмаймыз. Қалған нұсқаларды, әрине, тергеу органдары қарастырады", - деп қосты ол. Министр атап өткендей, облыстағы өртке қатысты жағдай қазір тұрақты. "Жағдай бақылауда, тұрақты. Қазіргі уақытта өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупі жоқ", - деді Ильин. Айта кетейік, бұған дейін облыстағы өрттің шығу себебін тексеруге Бас прокуратура кіріскені туралы хабарланған болатын.
Тексеру Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша жүргізіледі. Еске сала кетсек, кеше кешкісін Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.
5-09-2022, 12:45
Ильин Қостанай облысындағы өртке қатысты пікір білдірді
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз