Өткен жұма, 26 тамыз күні жастар арасында «Тарихы терең Таразым ІІ» атты республикалық квест-ойынның қорытындысы шығарылды. Қызықты ойынның ұйымдастырушысы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығы.
Жастар күніне орай «Тарихы терең Таразым ІІ» атты жастар арасында республикалық квест ойыны өтті. Квесттің мақсаты-өлкеміздің тарихын зерттеу арқылы зияткерлік қабілеттерін дамыту, әртүрлі қызықты жұмбақтарды анықтауға, логикалық есептерді шешуге, локацияларды табуға және қойылған міндеттерге жауаптарды жылдам шешуге үйрету, сондай-ақ коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін арттыру, жастардың білімін арттыру Қатысушылар ойын барысында әртүрлі қызықты жұмбақтарды, логикалық есептерді, аудио сұрақтарды шешу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, креативті ойлау қабілеттерін қалыптастыру, интелектуалды ойлау қасиеттерін дамыту мақсатындағы зияткерлік тапсырмаларды орындап шықты.


І орын – Тұран (Түркістан облысы)
ІІ орын – Тараз жастары (Тараз қаласы) мен Байзақ жастары (Байзақ ауданы)
ІІІ орынды Сыр жастары (Қызылорда обылсы) мен Enigma командалары(Тараз қаласы)

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау «Кәусар» мейрамханасында өткізілді. Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С.Берікқожа жүлделі орындарға ие болғандарды естелік сыйлықтармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Айта кету керек, бұл іс-шара екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді, өткен жылы 25 маусым күні «Төрткүл» керуен-сарайында өткен «Тарихы терең Таразым» атты жастар арасындағы республикалық квест-ойын өткізілді.