Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Bolashaq» Қауымдастығы Жастар Жылы аясында жастар ұйымдарының үздік тәжірибелері жинағын шығарды

 

«Bolashaq» Қауымдастығы «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы аясында жастар ұйымдарының үздік тәжірибелері жинақталған кітаптың тұсаукесу рәсімін өткізді.


Аталмыш кітап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде «Bolashaq» Қауымдастығының бастамасымен шығып отыр.

  

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде «Bolashaq» Қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова сөз алып, жинақтың жастарға пайдалы тұстарын және олардың атқарған еңбектерін бағалады.


«Елімізде жастардың дамуына, олардың белсенді өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Сондай мүмкіндіктердің бірі – Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы. Бір ай көлемінде ұйымдастырылған шараға еліміздің ең белсенді жастары қатысып, өз тәжірибелерін бөлісті. Олардың бүгінге дейін жасаған жұмыстары, ұйымдастырған жобалары көңіл қуантады. Сол себепті, біз ұтымды тәжірибелерді жинақтап, ең үздік деген жобаларды біріктіріп, кітап ретінде оқырмандар назарына ұсынып отырмыз», - дейді «Bolashaq» Қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова


Фото: Қазақстандық-америкалық жастар форумы

Кітапта Үкіметтік емес ұйымдар мен Жастар ресурстық орталықтарының таңдаулы жобалары қазақ және орыс тілінде топтастырылған.


Айта кетсек, «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы 19 тамыз бен 18 қыркүйек аралығында еліміздің бес аймағында ұйымдастырылды.  


«Bolashaq» Қауымдастығы ұйытқы болған шараға 1100-ден астам белсенді жас қатысты.


Жоба шеңберінде «Жастар саясатының маңызды трендтері», «Жастарға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру», «Жастар ҮЕҰ-ның тұрақты дамуы мен тиімділігін арттыру» тақырыптарында семинар-тренингтер мен мастер-класстар өтті.


Сондай-ақ «ҮЕҰ + бизнес = жастарға арналған мүмкіндіктер» атты аймақтық конференция ұйымдастырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты