Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты әрдайым ғалымдар әр түрлі тұрғыдан қарастырды және жастардың қоршаған орта жағдайына қатынасы тақырыбы біздің заманымызда, жағдай жыл сайын нашарлай бастаған кезде танымал болды. Оның әртүрлі себептері бар, бірақ бәрі тікелей немесе жанама түрде адам факторымен байланысты. Қазіргі қоғам экологиялық мәдениетті жоғалтады, және бүгінгі таңда қоршаған ортаға деген қамқорлық адамның немқұрайдылығынан және кез-келген нәрсені жасаудан тартыншақтығынан ерекшеленеді.
Алайда, мұндай әрекеттер бізді экологиялық апатқа әкелуі мүмкін, бұл алдымен жеке аймаққа, содан кейін бүкіл елге, содан кейін бүкіл адамзатқа қауіп төндіреді, сондықтан қоршаған ортаға дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін жастарды не мазалайтынын білу өте маңызды. Өйткені, бұл біздің болашағымыз және біздің өміріміз оның қолында.
Жастарды табиғи ресурстарды үнемді және ұтымды пайдалануға шақыру және балық аулау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Жуалы ауданында "Жастар ресурстық орталығы" КММ - нің ұйымдастыруымен ондаған балықшылар "Теріс Ащы-бұлақ" су қоймасында өткен "Балық FEST" атты облыстық балық аулау жарысына қатысты. Балықшылар бекітілген ережесіне сәйкес берілген уақытта түрлі тәсілдер пайдалана отырып, жеңімпаз атануға барын салды.
- Балық аулауда сәттілікке жету үшін тәжірибе жинап, әр-түрлі тәсілдерді қолдану керек. Шеберлік, тәжірібе жинақтаумен келеді, сондықтан нәтиже бастапқыда күткендей болмаса, көңіл-күйді түсірмеңіз, бұл уақыт пен шыдамдылықтың мәселесі", - деп бөлісті қатысушы.
Қорытысында, аудандық мәслихат депутаты, "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің директоры М.Телеушов жүлделі орын иегерлері мен барлық қатысушыларға ұйымдастырушылардың атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарын табыстады.
Жарыс нәтижесі бойынша: 1 орын — Шу ауданы, Қасқабай Нұржан; 2 орын — Жуалы ауданы, Сатыбалдиев Азат; 3 орын — Жамбыл ауданы Еркін Әкімхан, Тараз қ. Өмірбек Данияр.
Жастардың экологияға деген қызығушылығын арттыру үшін, әлеуметтік желілерде қоршаған ортаға қатысты қызықты және өзекті ақпаратты және түрлі жарқын экологиялық әлеуметтік бейнелерді орналастыратын топтар құрып, бұл жарыстар сиякты іс-шараларды көбейту қажет екендігі анықталды.