Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Марат Омаров Алматыда дарынды жастармен кездесті

14 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Алмалы аудандық жастар ресурстық орталығы базасында отандық әнші және композитор Марат Омаровпен кездесу өтті.


Кездесуге қатысушылар қазақстандық жастар арасында музыкалық шығармашылықты ілгерілету перспективаларын талқылап, отандастарымыздың жарқын үлгілерін еске алып, өз әндерін орындады.


Таланттарды іздеу және кастингтер өткізу туралы кездесудің бас қонағы, ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Композиторлар Одағының және «FIDOF» Әлемдік композиторлар қауымдастығының мүшесі Марат Омаров айтып берді. Ол балаларды шығармашылыққа және ән жазуға бағыт көрсетті.


 

- Егер сіз дарынды болсаңыз - өзіңізді көрсетіңіз! Сонда сіз туралы бүкіл ел біледі, - деді композитор.


Оның шығармашылық жолы, шетелдік көрерменнің қазақ музыкасына деген қызығушылығы, әуезділігі мен өзіндік ерекшелігі туралы әңгімесі шығармашылық шабыт берді және үлгі болды. Сондай-ақ, композитор жас дарындарға қолдау көрсететінін мәлімдеді:


 - Конкурстар өткізіліп, балалар жүлделі орындарға ие болғаннан кейін әрі қарай не болады? Байқауда бәрі аяқталады, дарынды дамытумен енді айналыспайды. Продюсер болып, дарынды жастарға көмектесейік, - деп атап өтті Омаров.


Ол кастингтер өткізуді, балаларға продюсер болуды, жас дарындарға қолдау көрсетуді және шығармашылық болашаққа жол ашуды жоспарлап отыр. Композитор мен жас орындаушылардың мақсаты - шығармашылық алмасуды ұйымдастыру және Қазақстанның тарихы мен мәдениетін шет елдерде насихаттау.


Әрине, мұндай кездесу композитордың танымал әндерінің және «Коронавирус, кет, кет, кет» хитының жаңа нұсқасының тікелей орындауымен өтті. Жастардың қатысуымен позитивтік және мотивациялық «Бакытты кундер, кел кел, кел» әнін жазу композитордың жоспарында.




Автор: Владимир Анциферов
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады