Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талғарда жас ананы көлік қағып кетті

Алматы облысы Талғар ауданында жас ананы көлік қағып кетті. Абырой болғанда, әйел аман қалған. Қазір ол ауруханада жатыр. Осы орайда ауыл тұрғындары билікке "жаяу жүргінші жолын жарықпен қамтамасыз етсін" деген талап қойып отыр. Себебі, дәл сол жерде жол апаты жиі болатын көрінеді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Теренқара ауылының тұрғындары "Балаларымызды мектепке жіберуге де қорқамыз" дейді. Олардың сөзінше, бір күнде ауылда екі жол көлік апаты болған. Соның бірінде жас ана зардап шегіп, ауруханаға түскен.

"Сол жерде үнемі жол апаты болады. Өткен жылы адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мектеп автобустарының бәрі көбіне сол жерге тоқтайды", - деді елдімекен тұрғыны Мира Маймарова. 


Теренқаралықтар билік өкілдеріне аталған мәселені шешіп берсін деп бірнеше рет жүгінгенін, алайда еш нәтиже болмағанын жеткізді. Ал жергілікті билік өкілдері болса, жол облыстық маңызға ие болғандықтан, мәселені шеше алмайтынын айтып отыр.

"Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиісті хат жолдаған едік. Біз өз қаражатымызға бұл жолды жарықтандыра алмаймыз. Бұл мәселе қаражатқа келіп тіреледі. Сонымен қатар көлік жүргізушілерінен де кінә бар. Қатты жылдамдықпен жүреді", - деді Қайнар ауылдық округінің әкімі Нұрболат Манапбаев. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді