Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда көлік жылқыны қағып кетті: 5 адам зардап шекті

Екібастұзда көлік жылқыны қағып, 5 адам зардап шекті, оның 4-уі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz


Зардап шеккен 20 жастағы жүкті әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, жүктілікті тоқтату қаупі жоқ, оған амбулаториялық ем ұсынылған. Көліктің жылқыны соққаны туралы ақпарат әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде пайда болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, жол апаты Екібастұз - Солнечный кенті автожолында болған. Оқиға салдарынан бес адам зардап шеккен, оның төртеуі Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

«Тағы бір 20 жастағы әйелдің миы шайқалып, ми жабық жарақатын алғаны анықталды. Сондай-ақ ол тізесінен жарақат алған. Денсаулық жағдайы орташа, ауруханаға жатқызудан бас тартты», - дейді басқарма өкілдері.

34 жастағы ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, маңдайының оң жақ тұсы соғылған, сол және оң жақ білектің жұмсақ тіндері жарақаттанған, екі қолы соғылған. Травмотологиялық бөлімге орналастырылды, жағдайы орташа ауыр. 37 жастағы ер адам тексеруден бас тартты. Жол апаты 23 шілде күні сағат 23.00 шамасында болған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ауди 80» маркалы автомобильді басқарып келе жатқан 34 жастағы жүргізуші «Екібастұз-ГРЭС 2» автожолында жылқыны соққан.

«Соның салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы Екібастұз қаласының ауруханасына медициналық көмекке жүгінген. Жылқының иесі анықталды, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, - дейді департамент өкілдері.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда