Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында экономикалық өсім көрсеткіші 104,1 пайызды құрады

Жамбыл облысында экономикалық өсім көрсеткіші 104,1 пайызды құрады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жаңа жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеуге күш салуымыз керек екенін атап айтқан болатын. Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыру барысы Жамбыл облысында қарқынды жүзеге асырылуда.  

Үстіміздегі жылдың алғашқы 6 айында өңірдің жалпы экономикалық өсімі 104,1 пайызды құраған. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов журналистермен өткен брифингте мәлімдеді. БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде облыс басшысы басты талап- халықтың табысын арттыру, тұрмысын жақсарту екенін баса айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын аймақта жемісті жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, 2025 жылға дейінгі Жамбыл облысының даму жоспарының жаңа сипаттағы жобасы әзірленгенін жеткізді.

Облысты дамыту жоспары «Инвестициялық жобалар», «Бюджеттік инвестициялық жобалар» және «Жұмыспен қамту» деген үш бөлімге негізделіп, бұл бағытта өңірімізде 83 мың жұмыс орны ашылатын болады. Президенттің «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасы шеңберінде бүгінгі күнге облыста 11 мың жаңа жұмыс орны ашылған.

Жылдың алғашқы алты айында аймақтың экономикалық өсім көрсеткішінің жақсаруына ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы, сауда, байланыс салаларындағы оң нәтижелер әсер еткен.

Брифингте облыс басшысы сонымен қатар өңірдің ауылшаруашылық саласын дамытуға бағытталған істер барысын баяндады. Агорөнеркәсіп кешенін дамытудың 10 бағыты қатарында жылыжай, су үнемдеу технолгиясы, құс фермасы мен балық шаруашылығы, жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын қоймалар, мал бордақылау, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар салу сынды жобалар іске асырылмақ. Ал, өнеркәсіпті дамыту бағытында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық дамыту ісі қолға алынатын болады.

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған брифингте бұдан бөлек өңірде кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту, тұрғын үй мәселесі, жол мәселесі, коммуналдық шаруашылық саласы, медициналық қызмет сапасын жақсарту мәселесі сияқты маңызды мәселелер жан-жақты сараланды. Даму жоспарына сәйкес аталған бағыттарда жүзеге асатын жобалар мен нақты істер барысы айтылды. Өз кезегінде журналистер облыс басшысына өңірде қордаланған кейбір мәселелер бойынша сауал жолдап, ойларын ортаға салды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді